Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

САЙРАМ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

Жылыту маусымына әзірлік
«Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ-не қарасты 93 білім беру мекемесі және 1 мектеп-интернат жұмыс істейді. Оның 83-і типтік, 10-ы ыңғайластырылған нысандарда орналасқан.
Аталған білім ошақтарының жылыту жүйелері көгілдір, сұйық және қатты отындармен жылытылады. Оның ішінде табиғи газбен 37 мекеме, қатты отынмен 36 (көмір) мекеме, сұйық отынмен 3 мекеме (дизель) жылытылады. Барлық білім мекемелеріне сығымдау жұмыстары жүргізілген.
2022-2023 жаңа оқу жылында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасынан 9694,5 тонна қатты отын (көмір) беріліп, қазіргі таңда толығымен мектептерге (көмір) тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал 3 мектеп атап айтқанда Төле би, Жамбыл, Бәйдібек атындағы жалпы орта мектептерін 125362,5 литр (дизель) сұйық отынмен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік порталына енгізілген.
Құрылысына қаржы қаралған мектептер
«Айнабұлақ» атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. (Үш ауысымға өту қаупі бар ыңғайластырылған мектеп, акт залы, арнайы пән кабинеттері, асхана жоқ). Мектепке жаңа 600 орындық мектеп құрылысын салу үшін 2020 жылғы қаңтардың 29-ынан №19-0026/20 мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, оң қорытынды алынған. Сметалық құны 1418369,0 млн. теңге. Облыстық бюджеттен 10,0 млн.теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсына ұсынылған. Бүгінде ЖШС «Строй ЭкспрессРКК» 1 216 572, 9 мың тенгеге ұтып алып, құрылыс жұмыстары басталды. Нысан 2023 жылға өтпелі.
Арыс ауылдық округі, Нұржанқорған елді мекеніндегі №62 Анартаев атындағы негізгі орта мектепке қосымша 300 орындық оқу корпусы мен акт залы, спорт залы, асхана, шеберхана құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді, сметалық құны 867362,0 мың теңге. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында 325,2 млн.теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсына ұсынылған. Қазіргі таңда ЖШС «Строй ЭкспрессРК» 790366,7 мың тенгеге ұтып алып, құрылысы басталды. Нысан 2023 жылға өтпелі.
Күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қаралған мектептер
• Қарамұрт ауылындағы «№6 С.Киров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ЖСҚ сметалық құны 485869,0 мың тенге, қаралған қаржысы153368,0 мың теңге. Мердігер мекеме — «СервисЦентр-2007» ЖШС.
• Көлкент ауылындағы №13 А.Науаи атындағы жалпы орта мектеп, ЖСҚ сметалық құны 175768,0 мың теңге, қаралған қаржысы 148492,0 мың.теңге. Мердігер мекеме — «Нурпромсервис» ЖШС
• «№26 М.Қашқари атындағы жалпы орта мектепі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ЖСҚ сметалық құны 110824,0 мың теңге, қаралған қаржысы 89475,0 мың.теңге. Мердігер мекеме — «Нурпромсервис» ЖШС
Жоғарыда аталған мектептерге «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында қажетті қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өкізіліп, мердігер мекемелер анықталған. Қазіргі таңда сметалық құжатта көрсетілген жұмыстар жүргізілуде. Нысандар 2023 жылға өтпелі.
Қазандықтарды сатып алу және көмірді газға ауыстыру бойынша қаржыны қажет ететін мектептер
Ауданға қарасты 4 мектептің ішіндегі қазандықтарын сыртқа шығару жұмыстарын жүргізу үшін қазіргі таңда 58 010,0 мың тенге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу порталына енгізілген. Атап айтқанда:
1. №4 мектеп-гимназияға — 6959,27 мың теңге.
2. №72 Әдебеков ШЖНОМ-не — 7501,15 мың теңге.
3. №41 Жамбыл атындағы ЖОМ-не — 15177,391 мың теңге.
4. №18 Құрмантаев атындағы ЖОМ- не — 28372,91 мың теңге.
5. Құрманғазы жалпы орта мектебіне модульдік қазандық орнату.
Сонымен қатар №59 Қ.Жандарбеков ЖОМ, №74 ЖОМ, №17 ЖОМ, Төле би жалпы орта мектептерінде жылыту қазандықтары ауыстырылды. Қазіргі кезде Сырым Датұлы ЖОМ, №47 ЖОМ, №11 Манкент ЖОМ, №47 Амангелді жалпы орта мектептердің қазандықтарын ауыстыру үшін мемлекеттік порталға енгізілді.
Ыстық тамақпен қамту: Жалпыға міндетті орта білім қоры
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы қаңтардың 25-індегі №64 қаулысы негізінде білім беру қорынан білім ошағындағы 5161 баланы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуге келісімшарт түзілген.
Мектептерде тасымалдау туралы
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы тамыздың 6-сындағы №515 бұйрығымен ауылдық мектептердің оқушыларын тасымалдау нормаларына сәйкес бастауыш мектеп, негізгі мектеп, орта мектептер жоқ ауылдық елді мекендердегі оқушыларды және білім беру ұйымдары елді мекеннен 3 шақырым артық қашықтықта орналасқан жағдайда және елді мекендер арасында табиғи бөгет (өзендер, көлдер және т.б.) болған жағдайда оқушыларды тасымалдау көзделген.
Осыған орай, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептерде 3 шақырымнан жоғары қашықтықтан қатынайтын 1430 оқушыны «ЯНС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісімшарт негізінде тасымалдайды.
Білім беру ұйымдары желісіндегі өзгерістер
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 79 мектепте жалпы саны 62118 оқушы 2021-2022 оқу жылын аяқтады, оның ішінде 3272 түлек мектеп бітірді. 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа қабылданған балалар саны 5822. Оның ішінде қазақ сыныбына қабылданған балалар саны 1589. 2022-2023 оқу жылында мектеп табылдырығын 64 668 оқушы аттайды деп күтілуде, яғни өткен оқу жылына қарағанда 2550 балаға оқушы саны артып отыр.
2022-2023 оқу жылында Манкент және Ақсукент ауылдарында 1200 орындық 6 жекеменшік мектеп ашылады, жалпы 7200 бала оқумен және 660 мұғалім жұмыспен қамту жоспарлануда, яғни осы елді мекендердегі мектептердің үш ауысымға өту қаупі жойылады. Сонымен қатар Қасымбек датқа ауылынын «Бақдаулет» 300 орындық, Қарасу ауылынан 150 орындық «Smart kids» жеке бастауыш мектептері, Ақсу ауылында 300 орындыққ «Aqsu» Education» және 330 оқушы орынға арналған «Тажиниса ана» оқу орталықтары ашылды.
МЖМБС, үлгілік оқу жоспарларына енгізілген өзгерістер:
 «Көркем еңбек» пәні (1-9-сыныптар) екі пәнге бөлінген: «Еңбекке баулу» (1-4-сыныптар), «Технология» (5-9-сыныптар) және «Бейнелеу өнері» (1-6-сыныптар);
 «Өзін-өзі тану» пәні ҮОЖ инвариантты компонентінен алынып тасталды;
 5- сыныптағы «Өзін-өзі тану» пәні вариативті компонентке ауыстырылды;
 «Өзін-өзі тану» пәнінің 1-4 сынып сағаттары «Бейнелеу өнері» пәніне ауыстырылды, 6-11 сынып сағаттары вариативті компонентке ауыстырылды;
 Бастауыш сыныпта «Орыс тілі» пәні 2- сыныптан, ал «Шет тілі» пәні 3-сыныптан бастап оқытылады;
 Гимназия/лицей сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарлары әзірленді.
Сыныпты екі топқа бөлуге төмендегі пәндер бойынша рұқсат етіледі: «Технология, «Денешынықтыру», «Информатика» және тіл пәндері.
Тамыз конференциясы
Тамыз конференциясы «Білімнің басты құндылықтары: Отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында, Ұлттық білім академиясының ұйым-дастыруымен 5-17 күндер аралығында тамыз кеңесінің республикалық панельдік секциялары өтуде.
17-тамыз — республикалық ұлттық ата- аналар жиналысы;
19-тамыз – республикалық тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісі;
24-тамыз – облыстық тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісі;
26-тамыз – аудандық тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісі
(аудандық мәдениет үйінде сағат 10.00-де).
Аудандық секциялық жұ-мыстар 16 бағыт бойынша «Құндылықтарға негізделген білім беру» тақырыбында 2022 жылғы тамыздың 26-сында сағат 14.00-де Әл-Фараби ЖОМ базасында өтеді.
Мектеп формасы
2022-2023 оқу жылына арналған бірыңғай мектеп формасы енгізілді. Мектеп формасының түсі: қою қара көк. Ұл балалар үшін: қара көк түсті пиджак, жилет, классикалық үлгідегі шалбар, ақ түсті жейде. Қыз балалар үшін: қара көк түсті жилет, белдемше және классикалық үлгідегі шалбар және ақ түсті жейде.
Жалпыға міндетті білім қорынан көрсетілетін көмек
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы қаңтардың 25-індегі N64 қаулыға өзгеріс енуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға, білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын балаларға:
Тұл жетімдер мен жартылай жетім балалар саны — 474.
Мемлекеттік әлеуметтік көмек (АСП) — 3083.
Аз қамтылған көпбалалы отбасы — 731.
Жалпы 4288 оқушының ата-аналар есепшотына әр оқушыға 35 000 теңге аударылу жоспарлануда.
«Мектепке жол – шекарасыз жақсылық»
Қазір 2022 жылғы тамыздың 1-і мен қыркүйектің 31-і аралығында балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін 113 оқушыға 3 млн. 63 мың қаражат демеушілер арқылы бөлінді. Сонымен қатар меценат Низамхан Сулейменов өзі құрылтайшылық жасап отырған мектептердегі 1-4-сынып аралығындағы 40 млн. қаржыға 2000 оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етеді.
Қайрат Арап,
аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

Пікір жазу