Ынтымағы жарасқан Сайрам ауданында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының актив жиыны өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдау және насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру жайы талқыланды.
Мәжіліске Сайрам аудандық мәслихат хатшысы Шамхат Халмурадов, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров, аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері мен мүшелері, БПҰ төрағалары, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Актив отырысын ашып жүргізген А.Абдикадиров 5 бағыттан тұратын Жолдаудың негізгі басымдықтарына тоқталды. Айтуынша, бұл жолы «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгерту арқылы ел экономикасына жаңа серпіліс беретін ауқымды жобалар жүзеге асырылады. Ол аталған бағыт бойынша партияның қолға алған шаралары мен атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
Мемлекет басшысы «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деп,«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы 2025 жылға дейін 800 мың бала заманауи мектепте оқитындығын жеткізді. Республика бойынша 1000 мектеп салынатын болды. Жемқорлықпен сотталғандардың заңсыз тапқан қаржысы осы мектептердің құрылысына жұмсалып, елдегі апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі толық шешіледі. Естеріңізде болса партияның сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде Сайрам ауданы бойынша 6 мектеп. Халыққа берген уәделерді орындау мақсатында 2021 жылы ауданымызда 1 мектеп, 2022 жылы 5 мектеп пайдалануға беріліп жоспар артығымен орындалды,- деді А.Абдикадиров
Біз халық арасындағы жаңа лидерлерді анықтап, оларды саяси ұйым қатарына тарта отырып, аудандардағы өзекті мәселелерді көтеру және шешу жолдарын қарастыру, партия мүшелерін ынталандыру мақсатында 2 жобаны жүзеге асырудамыз. Біріншісі — әртүрлі сала мамандарынан құралған командалар қатысатын «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойыны болса, кейінгісі «AMANAT – LIDER» пікірсайыс турнирі. Бұл жобалардың басқа аудандарда іс-шаралары басталып кетті. Қарапайым партия мүшелері де бұл жобаларға қызығушылық танытуда.
Партиялық актив отырысын қорытындылаған аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров еліміздің ұзақ мүддесіне сай жұмыс жасауды, осындай Ұлы істерде Ел Президентінің жанынан табылып, қасиетті отанымыздың өрлеп, өркендеуне үлес қосуға шақырды.