Өрт оқиғаларының себептері төмендегідей: электр желі-лерінен сымдарының қысқаша тұйықталуынан, ашық от (паяльная лампа, факелдің) пайдалануынан, автокөліктердің соқтығысуы, жол апаты салдарынан өртенуі туындауда.
Автокөліктің электр жабдық-тарының, электр желілерінен ұшқын шығуын болдыртпау үшін, барлық желілерде зақымданбаған, дұрыс изо-ляциялық қабықтары болуы тиіс. Өрт қауіпсіздігі үшін барлық автокөлік тұрақтарында автокөліктердің ара қашықтығы 1 метр-ден кем болмауы тиіс.
Автокөліктердің өртенуінен сақтану үшін, бәрінен де бұрын, көліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін есте сақтаған жөн. Алғашқы өрт сөндіру жабдықтарын қолдана білу қажет және оны дұрыс күйде ұстап, өртке қатысты қауіпті жағдайларда автокөлікке, оның механизмдеріне отты қолдану кезінде абай болу керек.
Техникалық тексеру кезінде көліктің газ баллон жабдықтарына ерекше көңіл бөлу қажет. Жүргізушілер газ баллонды көліктерде пайдалануға қауіпсіздік шараларын техникасы мен пайдалану ережесі, аппараттарды орнату бойынша оқудан өтуі қажет.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефондарына хабарласып, мекенжайын толық айтуы тиіс.
А.БЕКЕНОВ,
Сайрам аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты.