«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында ауданның белсенді жастарымен кездесу өтті. Кездесуде партияның Атқарушы хатшысы Әбдіқадыров Алмас Әбдірахманұлы аудан жастарына Президент жолдауын жіті түсіндіріп, жастарға жасалып жатқан игі бастамаларды тілге тиек етті.
Жиын барысында «Жастар Рухы» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Жұман Жансерік Бауыржанұлы партияның жастарға арналған жаңа жобаларымен, тың бастамаларымен бөлісті. Сондай-ақ бұған дейін «Жастар Рухы»ЖҚ төрағалық қызметін абыроймен атқарған Adilhan Tolegenov Маратұлына шынайы алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ал, бүгінгі кездесудің күн тәртібіндегі негізгі мәселеде партияның аудандық филиалының Атқпрушы хатшысы Алмас Әбдрахманұлының ұсынысымен, «ЖАСТАР РУХЫ» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жұман Жансерік Бауыржанұлы құптауымен және аудан жастарының дауыс беруі нәтижесінде, Сайрам аудандық филиалының жаңа төрағасы болып Төлебек Амалхан Бекболатұлы тағайындалды.
Төлебек Амалхан Бекболатұлы 11 сәуір 1993 жылы Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ұзынарық ауылында дүниеге келген.
2010-2014 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Радиотехника, электроника және телекомуникациялар» мамандығы бойынша білім алған.
2015-2017ж.ж М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Осы уақытқа дейін Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы, ЕLNUR TV теларнасында журналист қызметін атқарған.
Жиын соңында Жансерік Бауыржанұлы аудандық филиалдың жаңа төрағасы Төлебек Амалхан Бекболатұлына алдағы қоғамдық жұмыстарына сәттілік тіледі.