Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың арыз-өтініштері бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының м.у.а. Арап Қайрат Абдрахымұлы қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға алғашқы болып келген Г. Таскинбаева Ақбай ауылындағы жекеменшік балабақшасына тағы 50 бала қосу үшін мемлекеттік тапсырыстан өтудің жолдарын түсіндіріп беруді сұрады. Бұл мәселеде 2020 жылдан бері ҚР білім және ғылым министрлігінің тарапынан қосымша мемлекеттен тапсырыс беру тоқтатылған, бала санына байланысты сұраныс болған жағдайда арнайы рұқсаттама арқылы қосымша топтар ашылатындығын атап өтті.
Екінші ретпен арызын арқалап келген Н. Иристаева жұмысқа орналасудың қиындығын айтып, қолдан келген көмекті беруін өтінді. Жұмысқа ораласу үшін бірінші кезекте «Жұмыспен қамту орталығына» барып қажетті құжаттарды тапсырып, жұмыссыз ретінде тіркелуі қажеттігі және де бос жұмыс орындарына конкурс жарияланған жағдайда қажетті құжаттарды тапсыру керектігі түсіндірілді.
Ал, Манкент ауылы, Айнабұлақ көшесі тұрғыны Т. Курбанкулова мектептегі білім беретін пәнінің сағаты қысқарып кеткендігін айтып шағымданды. Аталмыш жайт бойынша нұсқау көрсеткен басшы міндетін уақытша атқарушы Қайрат Абдрахымұлы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 03.08.2020 №348 бұйрығымен бекітілген «Жалпыға бірдей міндетті білім стандартына сәйкес, сынып комплекті азаюына байланысты», 2019 жылы 27желтоқсанда қабылданған» Педагог мәртебесі» туралы заңында мұғалімдерге қатысты оқу жылында жүктемемен қамтамасыз ету туралы бағыттарын жіті түсіндіріп өтті.

Пікір жазу