Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕРГІЛІКТІ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖЕРГІЛІКТІ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жол — әрбір аудан өмірінің басты күретамыры. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламаларын орындау бағытындағы жұмыстар дұрыс жолға қойылып, Жол картасы аясындағы ауқымды тірліктер жүйелі жүргізіліп жатыр. Жаһан дамып, халықтың әл-ауқаты артқан сайын жаңа жолдар салу, тозығы жеткен жолдарды жөндеу, салынған жолдарды күтіп ұстау мәселесі бір сәтке күн тәртібінен түскен емес. Өзекті мәселенің бірегейі саналатын, осы жол құрылысы Сайрам ауданында да өз маңызын жойған жоқ. Аудан аумағында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1 298,1 шақырымды құрайды. Соның ішінде:
Республикалық маңызы бар автомобиль жолы 22 шақырымды құрайды. Аудан аумағындағы бұл жолдар 100% қанағаттанарлық жағдайда.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолы 183,9 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда, облыстық маңызы бар КХ-38 Әсіл арық-Көлкент-«Манкент» санаториясы автомобиль жолының 13-31,7 шақырым аралығы Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл қорытындысымен Сайрам ауданы аумағындағы облыстық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанрылық жағдайы 58,9% дан 62,6% жеткізу жоспарлануда.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолы 140,5 шақырымды құрайды. 105,9 шақырымы қанағатты, ал 34,6 шақырымы қанағатсыз.
Ағымдағы жылы, аудандық маңызы бар 4 жолдың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар аудандық маңызы бар 5 жолдың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 2 млрд 172 млн 375 мың теңге қаржы қаралып, Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді.
2022 жылдың қортындысымен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 75,3 %-дан 77,4 %-ға арттыру жоспарлануда. Аталған индикатор көрсеткішін 2025 жылға дейін (2022 жылы-77,4%, 2023 жылы 80,9%, 2024 жылы 85,2%, 2025 жылы 90,7%-ға арттыру жоспанрлануда)90,7%-ға жеткізіледі.
Елді-мекендердегі жолдар 951,7 шақырымды құрайды. 530,3 шақырымды қанағатты, 421,4 қанағатсыз. 2022 жылы елді мекен көшелерін орташа жөндеуден өткізуге бөлінген 209 млн 170 мың қаражатқа 3 ауылдық округіндегі 13,1 шқ болатын 12 көшенің орташа жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Темиртас» ЖШС тарапынан жүргізілді. Техникалық қадағалаушы мердігер мекеме «Шымкент Күрделі Құрылыс» ЖШС, «Пром Петро» ЖШС, «Бинас Инжиниринг» ЖШС тарапынан қадағаланды. Қазіргі таңда, аталған нысандарды қабылдап алу жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағындағы елді-мекендердегі ішкі көшелердің жағдайы 68,2% көше асфальтталған.
Сонымен қатар аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша
Сайрам ауданындағы 140,5 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 16 млн теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме «Atlant Salt» ЖШС тарапынан тиісті жұмыстар(жол белгілерін орнату, жасанды жол кедергісін орнату, жолақ сызу, жаяу жүргіншілер жолағын сызу, жол бойындағы шөптерді ору) жүргізілуде.

Пікір жазу