«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Сайрам ауданының прокуроры Тлемисов Дәулет Бекбашұлы азаматтарды қабылдады.
Аудан прокурорының қабылдауына Ақсукент, Қайнарбұлақ, Манкент ауылдарынан азаматтар жазылып, мазалаған мәселесін жеткізді. Оларды мазалаған мәселенің көбі үй құжаттарын рәсімдеуге байланысты олқылықтар мен жер дауы және туысқандар арасындағы үйге талас мәселесіне қатысты болды. Атап айтқанда берілген жерлерге үй салған алайда, құжаттарды жасап тіркеуге байланысты қиындықтар туындап отыр.
Барлық көтерілген мәселелер бойынша аудан прокуроры Дәулет Бекбашұлы заң аясында кеңес беріп, бақылауына алды. Тұрғындарға прокуратура саласына қатысты мәселелер бойынша барлық дәйектемелер мен нақты уәждерін тыңдап, алдағы уақытта зерделеу жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар қабылдауға аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Әбдрахманұлы мен аудандық жер қатынастары бөлімінің мамандары арнайы қатысты.
Барлық арызданушылардың уәждерін мұқият тыңдаған аудан прокуроры Дәулет Бекбашұлы жер қатынастары бөлімі мен өз тарапынан оларды толық және жан жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заңдылықтың бұзылуы анықталған жағдайда оларды қалпына келтіру бойынша түбегейлі шаралар жүргізілетінін айтты.