Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Сайрам ауданы әкімдігінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тұрғындарды қамтуға қатысты шараларды ұйымдастыру, жүйеге енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесуге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев, филиалдағы бөлім басшысы Лаура Сапарбекова және аудан әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек қатысты.
Аталған жиынға мемлекеттік кірістер, полиция басқармалары, адами әлеуетті дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, халыққа қызмет көрсету орталығы, ауылдық округтерінің әкімдері, медициналық ұйымдардың басшылары шақырылған.
Асхат Асанұлы өз сөзінде: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі мен Түркістан облысының әкімі арасындағы 2022-2024 жылдарға арналған тұрғындардың денсаулығы жағдайын жақсарту жөніндегі Меморандумда МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың үлесін 2022 жылға 84 % жеткізу жоспарға қойылды. Осы ретте, Түркістан облысы әкімі орынбасарының төрағалығымен 05.08.2022 жылы аудан, қалалардағы тұрғындарды МӘМС жүйесіне қатыстыру, әрі жүйеге қатысушылардың мәртебесін өзектендіруге байланысты жұмысшы топпен кезекті рет өңірлік штаб өтті. Аудан, қала кесіндісінде сақтандырылмаған азаматтар бойынша талдау, түсіндіру және ақпараттық жүйелерде жаңарту жұмыстары үшін кездесулер өткізілуде. Сонымен қатар, «Аманат» партиясының аудандық филиалында МӘМС жүйесі бойынша тұрғындарды қабылдау, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында Қор филиалы өкілдері және салық органдары жеке кәсіпкер, шаруа қожалық, келісімшартпен табыс табатын тұлғалармен кездесу медициналық ұйымда МӘМС жүйесі бойынша ашық есік күнін ұйымдастыру қажет», — деп айтты.
Келесі кезекте Лаура Ділдәбекқызы аудан тұрғындарын МӘМС жүйесіне қатыстыру, әрі жүйеге қатысушылардың мәртебесін өзектендіру жұмыстарына кеңінен тоқталды. Аудандағы тиісті мекемелердің өзектендіру жұмыстарының қадамдық бағыттарын рет-ретімен түсіндірді. Сөзінің соңында тұрғындар медициналық сақтандырудағы жарна төлемдері үшін қарастырылатын жеңілдіктер туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, заңға сәйкес, мемлекет азаматтардың белгіленген 15 санаты үшін жарна төлейді. Олардың қатарына балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, күндізгі бөлімде оқитындар, көпбалалы аналар, қандастар, мүгедек азаматты асыраушы жандар және 3 жасқа дейінгі бала күтіміндегі аналар енгізілген. Ал, жекелей сақтандыру төлемін жасау оңтайландырылған. Екінші деңгейлі банктер және олардың мобильді қосымшалары арқылы немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне жүгіне отырып, төлем жасауға болады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша талқылау өтіп, қатысушылар қойған сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.
Әкім орынбасары Бахытбек Сембекұлы аудан бойынша МӘМС жүйесінде тұрғындарды сақтандыру, мәртебесін өзектендіруде жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуі тиіс екенін көпшіліктің назарына жеткізіп, түсіндіру жұмыстарына үлес қосқан облыс филиалының басшылығына алғысын жеткізіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Пікір жазу