Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЙРАМ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XLIХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЙРАМ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XLIХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының кезектен тыс XLIХ конференциясы өтті.
Конференцияға «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Уласбек Садибеков, аудандық мәслихат хатшысы Шамхат Халмурадов, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров, Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары, БАҚ өкілдері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Кезектен тыс өткен конференция Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Маңызды жиынның күн тәртібінде белгіленген бірінші мәселесі «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау бойынша Алмас Әбдрахманұлы баяндама жасады.
«Әрбір саяси ұйымның негізгі идеологиялық мазмұнын қамтитын құжаты болады. «AMANAT» партиясы партиялық транформация аясында өзінің жаңа саяси тұғырнамасын әзірлеп шықты. Бұл жұмысқа еліміздің белгілі саясаттанушылары, ғалымдары, сарапшылары тартылып, жаңа мәтіндегі тұғырнама партия мүшелерінің арасында кең көлемде талқылауға түскен болатын.
Тұғырнама Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасын, даму бағдарларын, қағидаттары мен саяси мақсаттарын қамтиды. Тұғырнама «Адам – қоғам – мемлекет» қағидаты бойынша жазылды. Адам партия идеологиясының негізі. Онда әрбір адамның әл-ауқаты, әділдік пен ізгілік, заңға бағыну мен тәртіпке бойұсынушылық, еңбекқорлық пен кәсібилік қасиеттері жоғары қойылған. Сонымен қатар, партия Мемлекет Басшысының «Жаңа. Әділетті Қазақстанды» құрудағы негізгі тірегі. Елдегі саяси, экономикалық трансформациялармен қоса партиямызда жаңғырудың жаңа бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында біз партия мүшелерінің сандық, сапалық құрамын нығайтудамыз,-деп атап өтті аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Алмас Әбдрахманұлы.
Конференцияда қаралған екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XLVI конференциясына Сайрам ауданынан қатысатын делагаттар тізімі ұсынылып, олар бірауыздан қолдауға ие болды. Сонымен қатар, жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамын сайлау туралы да мәселе қаралды. Конференция делегаттары жаңа құрамды сайлау жобасымен танысып, бірауыздан бекітілді.
Жиын соңында филиал төрағасы Ұласбек Сәдібекұлы «Бүгінгі өзгерістер «AMANAT» партиясының заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. Сіздерді осындай Ұлы істерде Ел Президентінің жанынан табылып, қасиетті отанымыздың өрлеп-өркендеуіне үлес қосуға шақырамын, -деді!

Пікір жазу