Жетінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Осы сессия отырысына аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Халмурадов төрағалық етті.
Отырысқа аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мурат Есалиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде Сайрам ауданы әкімінің оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі, аудандық полиция басқармасының атқарған жұмыстары туралы ақпараты, аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №37-241/VI «Түркістан облысы Сайрам аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Аудан әкімі ауданның жыл көлеміндегі әлеуметтік- экономикалық даму қорытындыларына тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерін таныстырды.
Баяндамалар тыңдалған соң, депутаттар ұсыныс-пікірлер айтып, талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер алдын-ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында пысықталды.