Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Б.Хасанов Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында «Еңбек күні» мерекесіне ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, құттықтады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Бірқатар сала қызметкері мен белсенділердің еңбектері бағаланып, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың хатшысы атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Өз кезегінде іс-шараға қатысқан басшылар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, сонымен қатар қоғамдық-саяси өмірінің жақсаруына әрі халықтың бірлігін сақтауға өз үлестерін жалғастыруды тіледі.