Сайрам ауданы халқы тығыз орналасқан, берекесі қайнаған, бірлікті бекем ұстанған аудан. Қазіргі таңда 225 000 мыңнан аса халық тұрады. Басым бөлігі жастар. Сол себепті жастарға жол көрсетіп, жақсылыққа бағыттау өткір де өзекті мәселе. Осы орайда «Жастар Рухы» жастар қанатының Сайрам аудандық филиалының төрағасы Амалхан Бекболатұлы ауданымыздың белсенді жастарымен кездесіп, жастар қанатының негізгі бағыттары мен атқаратын жұмыстарын түсіндірді. Сондай-ақ жастарға арналған және олардың әлеуетін дамытуға бағытталған «ӨРЛЕУ» кешенді жобасының тұжырымдамасымен таныстырды.
— «Бұл жоба ауыл жастарының әлеуетін толыққанды ашуды қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру үшін жағдай жасау мақсатында «AMANAT» партиясы менторлық жұмысты, креативті ойлауды, сондай-ақ ауыл жастары үшін жақсы бастамалар қабылдайтын болады. Әрі жастар үшін жоғары өсуді, әлеуеті бар нақты бағыттар бойынша жүргізу және көзге көрінетін экономикалық және әлеуметтік әсерсіз, орынсыз іс-шараларға қаражат шашпай, нәтижелі жобаны іске қосуды қарастырып отыр»,-деді Амалхан Бекболатұлы.
Сонымен қатар жастардың ойларын тыңдап, оларға болашақ жастардың қолында екенін еске салды. Ал болашақ бүгіннен басталмақ. Сондықтан келешектің жастарына асқан білімді, ерекше қабілетті болу керектігін тілге тиек етті.