Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және өндірушілердің өнімдерін тікелей делдалсыз сату тізбегін қалыптастыру мақсатында Түркістан қаласына қарасты «Экобазарда» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасын тапты.
Біздің ауданнан өндірілген жоғары сортты, табиғи таза өнімдер көпшіліктің сұранысына ие болды. Өнімдердің ішінде ет, сүт өнімдері, консервіленген жеміс шырындары мен көкөністерді жұрт қызығып алды.
Бұрын 3,5 тоннадан артық өнім саудаланса, осы күндері 7 тоннадан аса өнім сатылды. Барлық өнімдер нарықтық бағадан 15-20 % төмен бағада ұсынылды.
Жақында Астана және Түркістан қалаларында өткен жәрмеңкелерге Сайрам ауданы белсенді қатысып, жәрмеңкені жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және Астана қаласының әкімі А.Көлгіновтің атынан аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Серікбаевқа екі Алғыс хатты табыстады.
Жәрмеңкеге ауданнан жалпы көлемі 11,5 тонна көлемінде өнім жеткізілді.