Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

САЙРАМ: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдауын өткізді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Аудан басшысына Көлкент ауылдық округіне қарасты Ханқорған ауылының тұрғыны М.Өмірзақов ауыл аумағынан ағып өтетін Арыс өзенінің арнасынан қалпына келтіру, осы ауылға спорт ғимаратының құрылысын жүргізу, ауылдық мәдениет үйі мен кітапхана ашудың қажеттілігін жеткізді.
Келесі кезекте Қарасу Ауылдық Округінің ауылының тұрғыны Ж.Мырзамұратов Әйтеке би ауылындағы 76 гектар аумағындағы жолдарға тас төсеумен қоса, электр жарығы мен ауыз сумен тұрақты қамту және жолаушыларды тасымалдау қызметін ұйымдастыруды сұранды.
Қабылдау барысында тыңдалған мәселелердің барлығына тиісті басшылар тарапынан заң аясында түсіндіріліп, бақылауға алынды.
Алдағы уақытта тұрғындардың мәселелері жан-жақты зерделеніп, олардың шешімін қарастыру бағытында жұмыстар атқарылатын болады.

Пікір жазу