Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАСТАРДЫҢ ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСТАРДЫҢ ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Сайрам ауданында білім саласын үйлестіретін аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиевтің төрағалығымен ағымдағы жылы орын алған суицид фактілері, тиісті мектеп оқушысына қорғаншылық немесе балалар үйіне орналастыру, сонымен қатар бала құқықтарын қорғау мәселелері қаралды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Сайрам ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша өткен ведомствоаралық комиссиясының отырысына комиссия мүшелері, аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция, аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесі, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері, бірқатар білім беру мекемелерінің директорлары, олардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтары мен сынып жетекшілері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелерімен тиісті шешімдер қабылданды.
Комиссия отырысын қорытындылаған төраға мектеп жасындағы балаларға тәрбие беру, олардың бұзақылық әрекеттерін болдырмау жөнінде түсіндіру, отбасыларымен қоса зерделеу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Пікір жазу