Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жиында ақбұлақтықтармен ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі тыңдалды.
Атап айтқанда:
1-мәселе. Мектеп жанындағы жеке меншіктегі бұрынғы мектептің 0,80 гектар жер учаскесін бюджеттен қаржы қарастырып, мектепке қайтару.
— Ә.Құрмантаев атындағы жалпы орта мектептің жанындағы бұрынғы ескі қойма орналасқан жер телімі жеке меншікке берілген. Бүгінгі таңда жер пайдаланушы тарапынан осы жер телімін мектептің теңгеріміне қайтару бойынша заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2-мәселе.
-Ауылға жайылым жерді қайтару.
— Ақбұлақ ауылдық округінде бүгінгі таңда 131 гектар жайылымдық жер ортақ пайдалануға табысталған.
3-мәселе.
— Ауыр жүк көліктерін жаңадан салынған жолда жүруіне тосқауыл қою.
— Бүгінгі таңда ауыл аумағынан ауыр жүк көліктері жүруі тоқтатылды. Ақбұлақ ауылындағы аудандық маңызы бар KXSR-2 «Ақбұлақ-Ақбастау» тас жолына кіретін екі жағынан ауыр жүк көліктеріне шектеу қою бойынша белгілер қойылды.
4-мәселе.
— Ауылға мәдениет үйі, кітапхана және спорттық үйірмелердің ғимаратын салу.
— Ақбұлақ ауылындағы мәдениет үйі, кітапхана және спорттық үйірмелер ғимаратының құрылысын бастау үшін тиісті мекеме анықталды, биыл құрылыс жұмыстары басталады. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары іске асырылады.
5-мәселе.
— Ауыз су қысымы төмен көшелерге арнайы су ұңғымасын салу.
— 2012 жылы ауыз су құрылысы пайдалануға берілген Ақбұлақ ауылының қазіргі таңда Ташимов, Сауран, Ақсу, Яссы көшелерінің таза ауызсудың толық шықпауына байланысты тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджет есебінен 32 млн. теңге қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
6-мәселе.
— Ауылдағы ескірген бағаналарды ауыстыру.
— Бағаналарды ауыстыру «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық жобасына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Бұған қоса тұрғындар жайылым жермен қамту, ағын су және электр жарығымен тұрақты қамтамасыз ету, спорт кешенін салу, көкпар өткізуге қажетті жағдай жасау мәселелерін жеткізіп, оларға тиісті мәліметтер берілді.