Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ІV ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ІШІНДЕ КӨКПАРДАН ЖЕҢІМПАЗ МАРАПАТТАЛДЫ

САЙРАМ: ІV ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ІШІНДЕ КӨКПАРДАН ЖЕҢІМПАЗ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев жақын күндері Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан жеңіспен оралған, Сайрам ауданының тумасы Жамалбеков Арманды құттықтап, құрметін көрсетті. Жас спортшының иығына шапан жауып, алғыс хатпен марапаттап, суретті сыйға тартты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесу барысында Түркістан облыстық көкпар федерациясының президенті Ғани Ахметбаев аудан әкіміне ризашылығын жеткізіп, Сайрам жерінің киесі мен қасиетін атап өтті.
— Шетелде болып, жақсы жетістіктерге жеткен спортшымызбен мақтанамыз, жастарға үлгі етеміз. Оның айғағы ретінде, Түркия мемлекетінің Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасынан қатысып, көкпардан дүбірлі додада бас жүлдені иеленді. Еліміздің ең таңдаулы көкпаршылары құрамасында облыстың үздік спортшысы ретінде жерлесіміз бар. Қазақстанның үздік шабандозы, батыры атанып, елімізге жеңіспен оралғаныңызбен құттықтай отырып, сіздің ұлттық спорттың дамуына қосқан елеулі үлесіңіз үшін шын жүректен аудан әкімі және өз атымнан алғысымызды білдіреміз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көкте желбіретіп, намысын қорғап, халықаралық жарыста табандылық танытып, жоғары дайындығыңыз бен бойыңыздағы күш-қайратыңызды көрсеттіңіз. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне және спорт тарихында қазақ ұлтының салт-дәстүрінен көкпар ойынын жастарға насихаттау жолында қажырлы еңбегіңізді әрі қарай жалғастыратыныңызға сенемін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін! Спорт саласындағы жетістіктеріңіз бен табыстарыңыз арта берсін!
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, спорт саласының қызметкерлері мен спортшылармен басқосқан жиында спортшыға ізгі тілектерін де жеткізді.

Пікір жазу