Сайрам ауданының кәсіпкерлік саласына сүбелі үлес қосып үлгерген кәсіпкерлік нысандары баршылық. Солардың бірі «Ксюша» кондитерлік цехының өнімдері сұранысқа ие. Биыл «Ксюша» кондитерлік цехы ашылғанына 22 жыл толып отыр. Бір қызығы, осы жылдар ішінде ұжым құрамының тұрақтылығы сақталды. Бұл, сөзсіз, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасай білген басшылықтың еңбегі. Ал бұл кондитерлік өнімдердің жоғары сапасының кепілі, бұл «Ксюшадағы» тәттілерге сұраныстың кілті болды. Бүгінгі таңда көптеген кондитерлік цехтардың ішінде «Ксюша» аймақтың экономикалық дамуына өз үлесін қосып, өз орнын берік ұстап отыр.
«КСЮША» кондитерлік тағамдары өзінің қайталанбас сапасы мен тіл үйірер дәмділігімен баурап алатыны айдан-анық. Аталған кондитерлік тағамдардың былайша тұтынушылар талғамынан шығып, көпшіліктің арасында кеңінен таралуы көп еңбек пен ізденістің арқасында болғанын біреу білсе, біреу білмес. Жалпы, тәтті тағамдардың дүниеге келуі қалай болған еді? Енді соған тоқтала кетсек…
Наталья Викторовна Костенко «Ксюша» кондитерлік цехын
1996 жылы 2-інші Ақсукент аймағындағы тұрғын үйлердің маңынан ашқан болатын.
Ол бұған дейін № 6 училищені (асханалық іс мамандығы) бойынша бітіріп, Ақсукентте кондитер – технолог болып қызмет атқарды. Кейінірек бұл бағыттағы өзінің кәсібін ашқан. Алғашында кәсіпке бүкіл отбасын тартқан еді, соңынан ұжымдағы еңбек ететіндердің санын 4-еуге жеткізді, ал 2000 жылы «Құрылысшылар» клубының жанынан кофехана ашып, шаруасын жүргізді. Екі жыл өткен соң орталықтағы «Мираж» дүкенінде олар дайындаған тәтті тағамдар тұтынушылардың үлкен сұраныспен сатып алатын тауарына айналды. Осылайша, шағын ұжымның өндірісі кеңейе түсті, бүгінде цехта еңбек ететіндердің барлығы нағыз шебер атанған.
Тәтті өнімдерді жасаудың бүкіл процесін директор Н.В.Костенко мен өндіріс басшысы Н.Г.Костенко қадағалап, басшылық етеді.
«Ксюша» кофеханасы ол мұнда келушілердің сүйікті орнына айналып үлгерді. Жанға жайлы, барлығы келіскен. Демалып, асықпай отырып, кофе ішетіндердің сүйікті орнының дүниеге келуіне Олеся Костенконың шығармашылық ізденісінде шек жоқ. Қабырғалардағы сан алуан суреттер келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлайды. Осындағы тәтті хош иіс адамдарға мерекелік әсер қалдырады. Әсіресе, әйелдер мерекесі қарсаңында мұнда қалаған тағамдардың түр-түрі үлкен құрметпен өзіңізге ұсынылады. Қалағаныңызды алыңыз да, рахатқа бөленіңіз. Бұған мүмкіндігіңіз толық жетеді.
Кондитерлік цехтың меңгерушісі Мавлюда Ниязалиевна Пакишева цех алғаш жұмысын бастаған күндерден-ақ ұжымда еңбек етуде. Кондитерлік цех бөлімі меңгерушісі Екатерина Кабельскаяның 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Наубайшылар Румия Уразмұхамбетова мен Матлюба Мажитова да нан пісіру тәжірибесінде жан -жақты қалыптасып, қазір өз істерінің нағыз майталмандары болды. Жас кондитер Темеш Әбілхан, Оразали Қайыпов, Нұржан Сұлтановтар өз ісінің кәсіби мамандарынан тәлім алуда. Сату кеңесшілері Махида Қорғанбаева мен Кәмшат Амантаева келушілерге сыпайылықпен қызмет көрсетеді.
Таңданарлығы сол, бүгінде көпшіліктің сұранысына ие болып үлгерген тәтті торттардың түр-түрі алдыңыздан шығады. Ассортимент әртүрлілігімен таң қалдырады. Қазіргі уақытта тілі дәм үйірер торттардың барлығы осында, «Қызыл барқыт», «Вупи пай», «Сүтті қыз», «Дамские пальчики», «Сникерс» және тағы басқалары.
«Ксюша» кондитерлік цехы табысының сыры — өнімдерінің дәмді әрі сапалы болуы. Кофеханада барлық аспаздық тіл үйірер тәттілер жаңадан қайнатылған табиғи кофе немесе шаймен толықтырылады.
Қалағаныңызды алып, отбасыңызды қуанта беріңіздер. Қысқа қайырғанда, тәттілерді іздегендер осы жерден өздерінің іздегенін табады.
Э.ЖАППАРОВА.