Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Кәсіби біліктілік-заман талабы

Кәсіби біліктілік-заман талабы

Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ұстаздардың білімін жетілдіру мәселесі — ұдайы назарда. Оқыту әдістемелері жаңартылып отыратындықтан заман талабына сай ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру шараларына басымдық берілген.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім- тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт- бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да, ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұлы адамдар да, өнер адамдары да, ғалым да,диқан да Ұстаз алдынан өткен.Ұстаз бейнесі қашанда биік. Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген: «Ұстаздық- ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да,еңбекқор еншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз.. » деген екен.
Олай болса,елдің ертеңін жарқын етер ұрпақ тәрбиелеуші әрбір ұстаз заман талабына сай өз білімін жетілдіріп отыруы керек. Осы орайда «Өрлеу» біліктілікті арттыру акционерлік қоғамы, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби дамыту институтының қосар үлесі көп. Аталмыш институттың директоры Лаура Искаковаға және осы институттың аға оқытушысы Роза Қабылбаеваға 2022 жылғы қыркүйектің 26-сы мен қазанның 7-сі аралығында орта білім беру ұйымдарының қазақ тілінде оқытатын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік базалық құзыреттіліктерін дамыту (5-9-сынып) тақырыбындағы педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсы ауданымыздағы №7 Бабыр атындағы жалпы орта мектепте өтті. Курс барысында біз төрт дағдының мақсаты мен міндеттерін терең меңгере отырып, көптеген жаңаша әдіс –тәсілдерді үйреніп, оларды сабақ барысында тиімді қолдану жолдарын меңгердік.
Жаңашыл ұстаз болу үшін әрқашан ізденісте болуымыз керек. Заман талабына сай шәкірт тәрбиелеуіміз үшін біліктілікті арттыру курстары мен Роза Қабылбаева сияқты білімді де білікті мамандар қажет.
Аудандық курс тыңдаушы мамандарының атынан және өз атымнан Роза Пайзуллақызының алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, әрқашан биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз.
Жанат Тойболова,
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Педагог-зерттеуші.

Пікір жазу