Ақсукент ауылындағы Сайрам оқу-өндірістік комбинатының ұжымымен Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы насихатталды.
Насихаттау жұмысына аудандық мәслихат депутаты, Ақсукент бастауыш партиясының төрағасы Сәкен Сұлтанов, «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Айтбаев, «AMANAT» партиясының Сайрам аудандық филиалының сектор меңгерушісі Бейбіт Биназаров қатысты.
Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде: Жолдаудағы басты назар елдің экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму», «Өңірлік саясатты жетілдіру», «Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру» бағыттарында маңызды шаралар ұсынып отыр».
Мемлекетті басқару ісі қайта жаңғырады. Отаншыл, рухы биік, Ел болашағына адал адамдар басқару билік жүйесінен орын алады — деді.
Б.Биназаров: Президентіміз жолдауында ел дамуы үшін мәні зор саяси реформалар жариялады. Барлығымыз «Жаңа Қазақстанның» бүгіні мен ертеңін айқындайтын тарихи жолдаудың куәсі болдық. Онда билік тармақтарының өкілеттігінен бастап, азаматтардың құқығын қорғауға дейінгі барлық мәселе қамтылған. Жастар «Жаңа Қазақстанның» келешек келбетін қалыптастыруда. Елдің саяси өміріне белсене араласатын мықты азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға әрбір жасты өз үлесін қосуға шақырды.
С.Сұлтанов: Жолдау аясында берілген тапсырмалар мен атқарылатын жұмыстар жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Биылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды реттеу керек. Оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынды.
Бұл іздеу салынбаған және кеден рәсімдерінен өткен көліктерге ғана қатысты шара.
Келесі маңызды мәселе білім беру жүйесі туралы. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады.Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.
2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз.Осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешілетін болады — деп Жолдауды қолдайтындығын білдірді.
Кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап алды.