Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің аудандағы қоғамдық саяси ахуал жөніндегі берілген тапсырмаларын орындау мақсатында, «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы басшысы Б.Айтбаевтың төрағалығымен Қарабұлақ ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратов, аудандық мәслихат депутаты М.Сиддиков және жұмысшы топтың белсенді мүшелері мен тойхана иелерінің қатысуымен, Құқықбұзушылықтардың алдын алу, ұлтаралық татулықты сақтау, кез келген кикілжің оқиғаларды болдырмау, олардың алдын алу және жол бермеу бойынша еркін форматта басқосу болып өтті.
Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде: Көптеген оқиғалар мен қалыптасқан жағдайларда ұлтаралық қатынасқа тікелей және жанама түрде әсер ететін факторлар қатарына әлеуметтік экономикалық тұрақсыздық, жұмыссыздық, қоғамдағы мәдениет пен әдет-ғұрып деңгейі.
Басқосудың негізгі мақсаты — жасөспірім балдардың еңбегін заңсыз пайдаланбау, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруін қадағалауды күшейту.
Тойхана иелерінің жауапкершілігін арттыру, атап айтқанда: тойханаларына бейнекамералар орнату, жарықтандыру, қажет болған жағдайда той болатын күндері күзет қызметкерлерімен келісімге тұрып қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, ауылдық округі әкімдігі, тойхана иелерімен ынтымақтастық туралы меморандум түзу қажет екендігін айтты.
М.Сиддиков: жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау үшін ең алдымен ата-аналар міндеті болып есептеледі. Ауыл жастарының түнгі мезгілде ойын-сауық орталықтарында жүргенін ата-аналар бақылауаға алуы қажет – деді.
Б.Шамуратов: бүгінде құқық бұзушылықтар жиі орын алатын қоғамдық тамақтану орындар, тойхана және кафе орындарда жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында болып жататынын келеңсіз жағдайлардың жиілеп кеткені, бұл тәртіп бұзушылықтың орын алуы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы әбден мүмкін екенін айтып сөзін қорытындылады.
19.09.2022 жылы мағыналас басқосу Көлкент ауылдық округінде де болып өтті.
Нәтижесінде 11 тойхана және дәмхана иелерімен ынтымақтастық туралы меморандум түзілді. Жұмысшы топтың ең беделді, белсенді деген 7 тұлғасы іріктелді. Ауыл округтеріндегі ішкі саясат саласына жауапты мамандардың лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізілу мәселесі талқылануда.