«АМАNАТ» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы Жолдардың сапасын жақсарту бастамасында 4 іс-шара жоспарланған.
2022 жылға аудандық маңызы бар 4 жолдың күрделі жөндеуіне 366,8 млн.теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 221,2 млн.теңге, аудандық бюджеттен 145,6 млн.теңге қаралған. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 209,2 млн.теңге 11 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаралды.
Ақсукент ауылындағы аудандық маңызы бар КХSR–20 «Ақсу-Манкент-Жібек Жолы» КХ-40 автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме «ПК «Шымкентдорстрой» ЖШС-гі анықталған, техникалық қадағалаушысы «Тұран Құрылыс -1» ЖШС-гі. Жол жалпы 13 шқ, 3 ауылдық округті жалғайды. Атап айтқанда: Ақсукент, Манкент, Сиқым, Жібек жолы ауылдары.
Бүгінде мердігер мекеме тарапынан жолдың 3,5 шқ аралығы Ақсукент, Манкент ауылдық окрутері аумағына асфальт салу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдар үлесін 85,0%-ға (ұзындығы-140,5 км,жөнделеді-120,8 км), елді мекендердегі көшелер үлесін 59,0%-ға(ұзындығы-951,7 км,жөнделеді-561,5 км,) жеткізу жоспарлануда.