Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАРИЯЛАРДЫҢ ҚАДІРІ АРТЫП, ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҚАРИЯЛАРДЫҢ ҚАДІРІ АРТЫП, ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Сайрам ауданына қарасты Арыс ауылдық округі, Нұржанқорған ауылы, Атамекен көшесінде орналасқан №62 М.Анартаев атындағы орта мектебіне қосымша 3 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде. Қосымша ғимаратта әкімшілік бөлмесі, мәжіліс залы, спорт зал, ашық футбол алаңы, химия, биология бөлмелері, ағылшын тілі бөлмесі, лингафон мултимедия, информатика бөлмелері бар.
Нысан құрылысы 2022 жылы басталып, 2023 жылдың 1 қыркүйекке пайдаланысқа тапсырылатын болады. «AMANAT» партиясының «Арыс» бастауыш партия ұйымының төрағасы Абдусалом Таджиев, ауылдық округ әкімі және құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған мердігер мекеме «Строй Экспресс РК» ЖШС-нің ұймдастыруымен, қазан айының басындағы «Ұстаздар» күні мен «Қарттар күні» мерекесі атплып өттілді. Аталған құрылыс нысаны маңында қадірлі қонақтарға мерекелік дастархан мәзірі жайылды. Соңынан құрылыс жұмыстарымен ауыл халқы танысып шықты.
Мерекелік дастарханға және құрылыс нысанымен танысып шығуға Сайрам ауданының бөлім басшылар, «AMANAT» партиясының мүшелері, қазыналы қарттар, мұғалімдер, ауыл активтерімен ауыл тұрғындары арнайы шақырылды.

Пікір жазу