Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАНКЕНТ ЕЛДІ-МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

МАНКЕНТ ЕЛДІ-МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Манкент ауылдық округінің әкімі А.Сайтмуратов пен «AMANAT»партиясы Сайрам аудандық мәслихатының депутаты С.Даванова ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауыл төбе биі, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл тұрғындары қатысып, қараша халықтың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алдағы уақытта шешу жолдарын қарастырылды.
Сонымен қатар, тұрғындардың сұранысы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Құрбаналиев көшесіндегі асфальт жолының құрылыс жұмыстарының жүргізілуін барып көрді. Мердігер мекемеге жол құрылысының сапалы жүргізілуі бойынша тұрғындардың талаптарын жеткізді және жол құрылысынының жұмыстарына кедергі жасап жатқан нысандарды (бағаналар, газ құбырлары, ағаштар, т.б.) тәртіпке келтіріп, реттеу жұмыстарын жергілікті тұрғындармен бірлесе шешу жолдары қарастырылды.

Пікір жазу