Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты ұлтаралық татулықты сақтай отырып, елді бірлік пен ынтымаққа бастап, Жаңа Қазақстанды құру ісінде бірлесіп жұмыс жасауға шақыру.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдағы уақытта Жаңа Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен дамуы, этносаралық қатынастың сақталуы бойынша біршама тапсырмалар жүктеді. Осы орайда, өздеріңізбен күш біріктіріп, бірлесе жұмыс істейміз деген сенімдемін, – деді ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ғалым Медеуов.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Жиынды қорытындылаған Ғалым Ділдәбекұлы өңірдегі этносаралық татулықты, бірлікті сақтаудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағытта әрдайым әріптестік орнатуға әзір екенін жеткізді.