Сайрам аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымдағы 3 бас сиырының жоғалғаны туралы хабарлаған. Арызданушы малдарын алғашқыда өзі іздеген. Еш нәтиже болмаған соң барып, полицейлерден көмек сұраған. Жәбірленушіге келген шығын 400 000 теңге.
Бұл жайт аудандық Полиция басқармасына тіркелді. Сонымен қатар жоғалған сиырды іздеу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарынан сұрастырды. Базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексерді.
Жедел шаралар нәтижесінде, бірнеше күннен кейін сайрамдық полицейлер жоғалған ірі қараны 5 шақырым жерде орналасқан тоғай ішінен тапты. Табылған үй жануарлары заңды иесіне қайтарылды.
«Мен 3 бас сиырымды жоғалтып, Сайрам ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден сиырымды іздей бастады және жоғалған малды тапты. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рахмет!» — деді ауыл тұрғыны полицейлерге.
Түркістан облысының полицейлері қырағы болу және малды жайылымда қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Өйткені сіздің малыңыз барымташылардың оңай олжасына әп-сәтте айналуы мүмкін.