Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОРАЛЫМДЫ ІСТЕР КӨП

ОРАЛЫМДЫ ІСТЕР КӨП

Қазығұрт ауданы әкімі бекіткен 2021-2025-жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес, Қазығұрт ауылы округі бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.
Қазығұрт ауылы округі бойынша бір жылға арналған қаржылық жоспар 49 151,0 мың теңге. Бүгінгі күнге дейін нақты түскені 50 154,8 мың теңге, орындалу көрсеткіші 102 % .
Ауыл тұрғындарын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында, Қазығұрт ауылы округі, Жібек-жолы, Табыс, Қазына, Бигельдинов, Береке, Смайлов, Есіркепов, Ырыс, Телемұнара, Данияров, Байбек, Қайымбеков, Наримов, Жібек-Жолы 2, Балуан-Шолақ, Темірлан, Қажымұқан-2 көшелерінің электр жүйелерінің құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес электр бағаналарын, электр желісін (СИП) және трансформаторлар орнату бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Қазығұрт елді мекеніндегі М.Тұтқабаев көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарға енгізілген.
«Алматы-Ташкент-Термез» тас жолынан 2021-2022-жылы Қазығұрт, Сарапхана елді мекендерінен 3 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынып, пайдалануға берілді.
2022-жылы Қазығұрт елді мекенінен екі қабатты 10 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталатын болады.
Қазығұрт елді мекенінің Табыс, Қазына көшелеріне ауыз су құбырын жүргізу, К.Әзірбаев көшесінің ауыз су жүйесін ауыстыру, Қ.Абдалиев көшесінде орналасқан су қоймасының су мұнарасын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған.
Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы округі «Шығыс» мөлтек ауданын газбен жабдықтау бойынша мердігер «Теплоэнергострой» ЖШС-мен 2021-жылы 3,6 км құбыр жүргізілді. Нысанның өтпелі құрылыс жұмыстарын 2022-жылы аяқтау жоспарланған.
2022-жылы Қазығұрт ауылы округінде кәсіпкерлер тарапынан 2 жеке меншік мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосылатын болады.
Биыл аудан орталығында 3 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланған. 1 маусым – балаларды қорғау күні қарсаңында Қазығұрт ауданының орталығынан аудандық кәсіпкер Қ.Тұранқұловтың бастамасымен «Раян» оңалту орталығы ашылды. Нысанның жұмысы 1,5-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер А.Умарованың балалар ойын алаңшасы ашылып, жазғы демалыс маусымында балалар уақыттарын тиімді пайдалануда.
2022-жылы Қазығұрт ауылы округі бойынша әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының орындалуы аясында 5 кәсіпкерлік нысан ашылып, 30 ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу жоспарлануда.
Елді мекендерді абаттандыру, адамдардың өмір тіршілігіне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған санитарлық тазалық жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Қазығұрт елді мекеніндегі тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигонды көшіру мақсатында, Қазығұрт елді мекені аумағынан 1,2 шақырым қашықтықтан жер белгіленіп, жобалық-сметалық құжаттарына сай құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ескі қоқыс тастайтын полигон жабылып, оның орнын рекультивация жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілді.
Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша әр айда екі рет сенбілік жұмыстары ұйымдастырылуда және ауыл округі әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.
2022-жылы күзгі-көктемгі көшет егу маусымында Д.Қонаев көшесі бойындағы «Жасыл аймақ» аумағына 440 дана қарағай, 120 дана алхоры, 105 дана шие, Қызылқия ауылы бағытындағы «Газалкент» үлкен каналы бойындағы «Жасыл аймақ» аумағына 200 дана қарағаш, 200 дана айлант, 280 дана алхор отырғызылған. «Дендросаябаққа» 80 дана қарағаш, 50 дана айлант егілген. Егілген көшеттерді суғару, күтіп-ұстау жұмыстарын аудандық «Саябақтары» МКК тарапынан жүргізілуде.
Қазығұрт ауылы орталығындағы көше бойларын, аулаларды, үй қасбеттерін сырлау, арық-атыздарды тазалау бойынша әрбір жеке тұрғын үймен түсінік жұмыстары жүргізіліп, жеке өзіне тиесілі жерлерін қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізу тұрақты бақылауға алынған.

Қ.САДЫҚОВ,
Қазығұрт ауыл округі әкімі.

Пікір жазу