Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТ: АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

ҚАЗЫҒҰРТ: АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Қазығұрт ауданы бойынша 2021-жылғы қаңтар-шілде де ауданды тұтас алғанда ауылшаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 20 613,6 млн. теңгені құрады. Бұл 2020-жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 89,4% құрап, оның ішінде мал шаруашылығы – 15 708,2 млн. теңге және 88,1% құраса, өсімдік шаруашылығы – 4 902,9 млн. теңге (2020 жылға 94%) құрады.
2021-жылдың қаңтар-шілде айында аудан бойынша шаруашылықтың барлық санаттарында 10 545,2 тонна – мал мен құс еті (тірідей салмақта), 35 337,6 тонна – сүт, 4 700,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өндіру – 78,1%, сүт –101,9%, жұмыртқа – 100,9%.
Мал мен құс саны. 2021-жылғы 1-тамызға аудан бойынша шаруашылықтың барлық санаттарындағы ірі мүйізді қара малдың саны – 85 845 бас, соның ішінде сиыр – 56 510 бас, қой – 383 056 бас, eшкі – 19 962 бас, жылқы –34 419 бас, құстар – 89 373 басты құрады.

Қазығұрт ауданы бойынша 2021-жылғы қаңтар-шілдеде ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 6 777 992 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2020-жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда – 6,9 % өсті.

2021-жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалар да 6 777,9 млн. теңгені құрады. Бұл 2020-жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда – 6,9% өсті.
2021-жылғы қаңтар-шілдеге ауылшаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі – 20 613,6 млн. теңгені құрап, 2020-жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 89,4%-ы құрады.
2021-жылғы 1-тамыздағы жағдай бойынша ауданда 1068 заңды тұлғалар тіркелді, оның ішінде жұмыс істейтіндері – 942.

 

Т.АХМЕТОВ,

Қазығұрт ауданының статистика басқармасының жетекші маманы.

 

 

Пікір жазу