Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС L(50) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС L(50) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалының кезектен тыс L(50) конференциясы өтті.
Конференция жұмысын аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы ашып, жүргізді.
Қазығұрт аудандық партия филиалының кезекі L(50) конференциясының жұмысына аудандық Саяси кеңесі Бюросы және Саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, «Жастар Рухы» Жастар Қанатының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Исақұлов Есімхан Ешенқұлұлы баяндама жасап, «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын жан-жақты түсіндіріп, партияның халыққа жақындығы мен ел арасындағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал ететін күшке айналғаны жөнінде кең көлемде баяндама жасады.
Конференцияда «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақтөре Мейіржанұлы және «Төлеби» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрлан Нұрбайұлы жарыссөзге шығып, пікірлерін білдіріп, партияның жұмысын толықтай жаңарту бастамасына қолдау білдірді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «AMANAT» партиясының Жарғысына сәйкес, Түркістан облыстық партия филиалының кезектен тыс XLVI (46) конференциясына делегаттар сайлау және Қазығұрт аудандық партия филиалының Саяси кеңесінің құрамына толықтырулылар енгізіліп, жаңа құрам сайланды.
Аудандық партия филиалының төрағасы, Арман Айдарұлы делегаттар мен Саяси кеңес мүшелеріне алғыс айта отырып, алдағы уақытта партияның бағдарламалық міндеттерін бірлесіп атқарамыз деп сенім білдірді.
Конференцияда күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Пікір жазу