Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАС МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ЖАС МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес, орыс тілі пәнінің әдіскері А.Л.Пардабаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылған Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде жас мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандық «Методическая поддержка профессиональной компентенции молодых педагогов» тақырыбында семинар болып өтті.
Семинарға аудан көлемінде орыс тілі пәні бойынша жас мамандар қатысты. Семинар барысында орыс тілі пәні мұғалімдері А.Тастемирова,Г.Джунусова,Р.Жоланова,Н.Баранковалар оқушылардың білім деңгейін көтеруге арналған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,ашық сабақтар өтсе,орыс тілі пәні мұғалімі А.Даулетова мұғалімдерге тренинг өткізсе,сондай-ақ,К.Абдалиев атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Калджанова «Методические рекомендации ПО составлению СОР и СОЧ по русскому языку и литературы» тақырыбында, Заңғар жалпы орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Р.Сабитова «Мастер-класс «Применение активных методов обучения на уроках русского языка и литературы» тақырыбында шебер-сынып жүргізді.
Семинар орыс тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Понимаешь,мама, я-Учитель!» атты мерекелік кешпен аяқталды.Семинар қорытындысы бойынша өте жоғары деңгейде өтті.

Пікір жазу