Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қазығұртта М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай тақырыптық әдеби кеш өтті

Қазығұртта М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай тақырыптық әдеби кеш өтті

Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының оқу залында қоғам қайраткері, қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов –қазақ әдебиетінің тарланы» атты тақырыпта әдеби кеші өтті.  Заманымыздың заңғар жазушысына арналған кештің —  жас ұрпаққа Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, Абай жолы роман – эпопеясымен таныстыру. Оқырмандардың ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.
Іс-шараға №11 Санаторий типтес мектеп-интернатының 4 «а» сынып оқушылары, тәрбиешісі Л.Акимбекова, кітапханашысы Ж.Қадырова қатысты. Балалар кітапханасының кітапханашысы Ж.Байтұрсынова іс-шараны жүргізді. Кітапханашы Э.Қыстаубаева Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылымен слайд арқылы таныстырды. Кітапханада ұйымдастырылған «Мұхтар Әуезов ұлы суреткер» атты тақырыптағы кітап көрмеге әдіскер Д.Сағынтаева библиографиялық шолу жасады.
Балалар жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы «Абайдың ауылға қайтқанда» бөлімінен сахналық қойылым көрсетті. Кеш соңында М.Әуезовтың «Көксерек» повесті бойынша түсірілген анимациялық мультфильм тамашалады.

Пікір жазу