Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, ҚР Президентінің 04.03.2022 жылғы №827 Жарлығына және Қазығұрт аудан әкімінің 09.03.2022 жылғы №56 қаулысына орай, көктемгі және күзгі әскерге шақыру жұмыстары барысындағы кемшіліктерге байланысты аудан әкімі орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, тиісті мекеме басшылары, ауыл округі әкімдері мен ВУС мамандарының қатысуымен жиын өткізді.
Жиын барысында 5 ауыл округінде осы бағыттағы жұмыстарында кемшіліктердің орын алғаны анықталып, себепші болған қызметкерлерге қатаң ескерту жасалынып, аудан әкімі тарапынан 1-қарашаға дейінгі мерзімде кемшіліктерді жою жөнінде нақты тапсырма берілді.