Бүгін Сайра ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Таскешу ауылының тұрғыны Г.Алшынбаеваны жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында тұрғын «Шымкент-Таскешу елді мекені» бағытында қоғамдық жолаушылар көлігін жүргізу, сонымен қатар Жастар көшесінің жолын жөндеуден өткізу, электр жарығымен тұрақты қамтамасыз етуді сұранды.
Өз кезегінде аудан әкімі аталған мәселелерге заң аясында түсіндіріп, алдағы уақытта тиісті шешімін табу үшін аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев және Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Есбол Дүйсебаевтарға бақылауға алып, нақты жұмыстарды атқаруды тапсырды.