Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ БЕРЕКЕЛДІ ТІРЛІК БОЛАДЫ

БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ БЕРЕКЕЛДІ ТІРЛІК БОЛАДЫ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков манкенттіктермен ауылдық округіндегі «Медикал центр Манкент» жекеменшік медициналық орталығының алаңында кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жиында алдымен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев 2022 жылдың ІІІ тоқсанында өткен кездесуде халықтың көтерген мәселелерінің шешілу жолдарын таныстырды.
Атап айтқанда,
1. Манкент ауылындағы Алматы көшесінің жоғарғы бөлігіндегі тұрғындарды тұрақты ауыз сумен қамту.
— Алматы көшесі бойынан тиісті жер қарастырылып, су ұңғымасын қазуға сметалық құны 23,0 млн. есептеліп, жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Нысан 2023 жылдың жоспарына енгізілетін болады.
2. Ауыл аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орынды ашу.
— Манкент ауылындағы «Манкент» СТК-нің меншігіндегі күл-қоқыс полигон орнының толуына байланысты Бесқорған елді мекенінен 7 гектар жер телімі қарастырылып, мемлекеттік акт алынды. Аталған нысанға қаржы қарастыру үшін келесі жылдың жоспарына енгізілді.
3. Жайылым жермен қамту.
— Манкент ауылдық округінде жайылымдық жерлер көлемі 793 га құрайды. Соның ішінде 375 га жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды. 75 га жер иелерімен ортақ пайдалануға меморандум жасалып, аудан әкімдігінің қаулысымен 50 га жер мемлекетке қайтарылды. 40 га жер соттың қарау нәтіижесімен қайтаруға жоспарлануда.
4. Аққала елді мекеніндегі орталық көшені асфальттеу.
— Абдураимов көшесінің жолына орта жөндеу жұмыстарына сметалық құны 35,4 млн. теңге есептеліп, жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Нысан 2023 жылдың жоспарына енгізілген.
Аудан әкімі тиісті сала басшыларымен бірге тұрғындардың көшелерге асфальт төсеу, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында бағдаршамның қажеттілігі, көшелерге трансформатор орнату туралы көтерген мәселелеріне қанағаттанарлық жауабын беріп, олардың заң аясында оң шешімдерінің қарастырылатынын түсіндірді.
Кейінгі кезекте тұрғындардың өтініштерін аудан әкімінің орынбасарларына бақылауға алып, зерделеу жүргізіп, жұмысты ширатуды тапсырды. Жергілікті халықты бірлік сақтауға, жастарды тәрбиелеуге, аудан игілігі үшін бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Жеке кәсіпкерлердің белсенділігімен Манкент ауылдық округінде бірнеше заманауи үлгідегі жекеменшік мектеп пен медициналық орталық бой көтеріп, тұрғындар үшін қажетті жағдай жасалып, қызмет көрсетіліп отырғанын атап өтті.
Кездесу соңында манкенттіктер аудан басшысына ризашылықтарын жеткізіп, батасын берді.

Пікір жазу