Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Арыс ауылдық округінде 9 айдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар қаралып, талқыланды.
Ауылдық округінің әкімі М.Сиддиков бюджеттің кіріс бөлігі жылдық жоспар бойынша 73,6 млн. теңге болса, орындалуы 63,4 млн. теңге, ал шығыс бөлігі 78,3 млн. теңгенің 50,8 млн. теңгесі орындалған. Жыл соңына дейін қаржылар толық игерілуі көзделуде. Жеке және заңды тұлғалардың берешек салық түрлері 1,1 млн. теңге құрады. Оның ішінде жер және мүлік салығы бойынша 262,2 мың, ал көлік салығы бойынша 749,9 мың теңге түскен.
Әр салада атқарылған жұмыстардың нәтижесін таныстырды. Атап айтқанда, инфрақұрылым және құрылыс саласында Қожақорған елді мекенінде екі көшенің жарықтандыру бағаналары, сонымен қатар «street workout» спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтті. Қарасу көшесіндегі трансформаторы және Ж.Меңлібаев көшесінде сыртқа орнатуға арналған қосалқы трансформаторы ағымдағы айдан бастап жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.
Бұдан бөлек, биыл пайдаланысқа берілген нысандарға тоқталды. Аталған елді мекенде электр қосалқы станциясы іске қосылды. Арыс ауылдық округі әкімшілігі жаңа ғимаратының құрылысы аяқталды. Аудандық маңызы бар «КХ-3 Қожақорған-Нұржанқорған» тас жолы асфальттелді. «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында №62 М.Анартаев атындағы жалпы орта мектебінің 300 орындық оқу корпусы, мәжіліс залы, асхана, шеберханасының құрылысын жүргізуге 867, 3 млн. қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. Нысан 2023 жылға өтпелі.
Елді мекендерді көріктендіру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу барысында 17 рет сенбіліктер өткізілді. Барлық тазаланған көше саны – 13. Сенбіліктерде 80 тоннаға жуық күл-қоқыстар шығарылды. 1,5 шақырым аяқ жол, 246 ш.м. үй іргелік аула, 3,2 шқ көпірлер, өзендер, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланды.
Ал, ретсіз күл-қоқыстардың жеңімпазы «АБДУМАЖИТ АТА» шаруа қожалығы және реттік күл-қоқыстарды тасымалдаушы «Medina-N» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кесте бойынша тазалау жұмыстарын атқаруда. Аудан әкімінің тапсырмаңызға сәйкес, санитарлық тазалық сақтау мақсатында ауылдық округіндегі кәсіпкерлік нысан иелерімен меморандум түзілді.
Инвестицияны тарту және ауылдық аумағында жаңа өндірістерді ашу, бюджеттік емес инвестиция көлемі орындалу бойынша жоспар 800 млн. болса, қазіргі таңда 756, 6 млн. орындалды.
Кәсіпкерлер тарапынан 3 нысан ашылып, 10 адам жұмыспен қамтылды.
Ауыл шаруашылығы мақсатында 2885 гектар жер телімін, үй іргелік жерлер 2035 гектарды құрайды. Егілген ауыл шаруашылық дақылдарының егістік құрылымы бойынша 2021 жылғы күздік және 2022 жылғы жаздық егілген бидай – 288,1 гектар, мақсары — 405 гектар, жоңышқа — 4.172 гектар, көкөніс — 152,72 гектар.
11335 бас мүйізді ірі қара мал өсірілуде. Оның ішінде 5132 бас сиыр, 12537 ұсақ мал, 2623 бас жылқы бар.
Әлеуметтік іс-шаралар өз деңгейінде жоспарға сәйкес жүргізіліп, жағдайы төмен отбасылармен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға демеушілер тарапынан тиісті әлеуметтік қолдаулар көрсетілді.
Өңірлік «Қамқорлық» бағдарламасына 5 отбасы енген. Мұнан басқа, 2 отбасыға демеуші тарапынан 240 мың теңгеге, тұрғын үйлеріне табиғи газ қосып беріліп, құжаттары заңдастырылды.
Өз кезегінде тұрғындарды ауыз су және жайылым жерлермен қамту, қоғамдық тәртіп және өзге де мәселелерді мәлімдеп, алдағы мақсат-міндеттерін назарға салып өтті.
Мәжіліс барысында аудан әкімі тарапынан Арыс ауылдық округіне қатысты орын алған кемшіліктер бойынша сала басшыларынан сұралды.
Аудан басшысы мәжілісті қорытындылай келе, ауылдық округінің әкіміне берілген тапсырмаларды уақытында орындауды, сондай-ақ өзекті мәселелер мен тұрғындармен өткен кездесулерде көтерілген мәселелерді бақылауға алуды тапсырды.