Кез келген жетілген қоғам үшін Президент сайлау айтулы іс-шара. Бұл сайлауда, халқының қамын жейтін, елім десе жан салатын көшбасшы сайлау – біздің ертеңгі тату-тәтті, ашық аспан астында емін-еркін жұмыс істеп, өмір сүруіміздің кепілі бола отырып және де Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажет!
Сондықтан, осынау елдік істен шет қалмай сайлауға қатысып, бәріміз ынтымақта болып, белсенділігімізді көрсетіп, елдің баянды болашағы үшін жауапкершілікпен қарап, белсене қатысуға шақырамын.
Біздің болашағымыз, біздің еліміздің болашағы – біздің қолымызда!
«AMANAT» партиясы Сайрам ауданы мәслихатының депутаты Сапарбаев Самат Айдарханұлы