Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ БАРЫСЫНДА НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САЙРАМ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ БАРЫСЫНДА НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, олардың көтерген мәселелерінің шешілу жолдарын түсіндірді.
Алдымен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында өткен кездесуде жергілікті халықтың білдірген талап-өтініштері бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін таныстырды.
Атап айтқанда, бірінші мәселе бойынша Сиқым ауылындағы электр бағаналарын ауыстырып беру бойынша бүгінгі таңда аудандық электр тарату жүйесі мекемесінің тарапынан Жібек жолы, Машат елді мекендерінің электр жүйелері бөлінді. Орталық электр станциясында резервтік трансформатор іске қосылды. Жібек жолы, Сиқым және Машат елді мекендеріндегі 20 трансформатордың 9 жеке меншікте, қалған 11 «Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС-нің балансында тұр. Бүгінгі таңда аумақта 636 бағананың 50-нің тозығы жетуіне байланысты инвест жобаға сәйкес, 2023 жылдың жоспарына енгізуге ұсынылды. Сиқым ауылына аудандық электр тарату жүйесі мекемесінің тарапынан қосымша 1 трансформатор орнатылып, ішкі жарамсыз бағаналарды жаңалау жұмыстары ағымдағы жылы жоспарлануда.
Келесі кезекте Манкент ауылдық округінің Қарауыл төбедегі су мұнарасынан Жібек Жолы ауылдық округіне ауыз су құбырын тартып беру бағытында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аудандық тиісті бөлім тарапынан жобаға іздеу, барлау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Машат, Жібек жолы және Сиқым елді мекендеріне арналған ортақ ауыз су жүйесінен ажырату үшін Шыбынды көлінен бөлек, 3 шқ диаметрі 110 мм ауыз су құбырын тарту үшін «Туран Инвест Строй» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жібек жолы ауылының ауыз су жүйесіне жобалық сметалық құжаттарын дайындауға жергілікті бюджет есебінен қаржы қарастырылып, «Корпорация Асыл Строй» ЖШС-і жеңімпаз атанып, жобалау жұмыстары аяқталды. Мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы қарастыру үшін салалық басқармаға ұсынылды.
Бұдан басқа, Төменгі Аққала каналын бетондау туралы өтініш назарға алынып, жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, облыстық ауылшаруашылығы басқармасына қаржы қарастыру үшін аудандық ауылшаруашылығы бөлімі тарапынан ұсыныс жолданылды. Қаржы қолдау тапқан жағдайда, аталған каналға кезең-кезеңімен жұмыстары атқарылатын болады.
Жоғарыдағы атқарылған жұмыстарға ауыл тұрғындары ризашылығын жеткізіп, кезекте тұрған жол, жарықтандыру, жер, ауыз және ағын су мәселелеріне қатысты бірнеше мәселені жеткізді.
Салаларға қатысты тыңдалған, талқыланған өзекті мәселелер бақылауға алынып, жауапты басшыларға орындауға тапсырылды.
Жиын соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Пікір жазу