Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП КҮШЕЙДІ

САЙРАМ: АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП КҮШЕЙДІ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің тапсырмасына сәйкес, аудан орталығындағы заңсыз тасымалдау қызметі және заңсыз орналасқан автотұрақтарды жою мақсатында аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен рейдтік шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Құқықтық тәртіпті орнату мақсатында ұйымдастырылған шарада аумақтағы орталық көшелердің жол қозғалысы бірінші кезекте бақылауға алынды.
Белгіленбеген жерден жол кесіп өткен жаяу жүргіншілер, жол ережелерін бұзған және жол белгілеріне қарамастан, жол бойларына тоқтаған азаматтарға түсіндірме беріліп, әкімшілік жазаға тартылуда.
Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету орындары мен көтерме сауда орталықтары, «Мәртөбе» алаңы және аудандық маңызы бар КХ-36 Ақсу-Көмешбұлақ Иманалиев, Төлеби көшелерінің күрделі жөндеу кезінде орын алған көлік кептелістері жойылып, жол қозғалысы реттеле басталды.
Сонымен қатар, заңсыз автотұрақта заңсыз тасымалдау қызметін жүргізген азаматтармен де тиімді жұмыстар атқарылуда.

Пікір жазу