«Тәні саудың — жаны сау» дейміз ғой. Осы қағидағы берік ұстанған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып келеді. Жалпы халықтың спортпен айналысуы ел халқының сау денелі болуына әсер еді. Сау денелі, сапалы ұлт қана мәңгілік ел мұратын орындай алмақ. Басқасын айтпағанда еліміздің спорт саласында қандай жетістіктерге жеткенін ескерсек, соның өзі Мемлекет басшысының салауатты өмір салты ұстанымының өз жемісін бергенін айғақтайды. Еліміз спортшылары әрқашан да халықаралық ареналарда ірі табыстарға жетіп жүр. Бұл әрейне ауыл жастарын жаппай спортқа тартудан басталады.
Осыған орай 14-16 қазан күндері аралығында, Құтарыс ауылдық округіне қарасты Ақарыс елді-мекенінде 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен Сайрам ауданының ашық турнирі болып өтті.
2022 жыл «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған жарыстың мақсаты: Жас спортшылардың шеберлігін және достастығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы күресу.
Жасөспірімдер арасында өткен аудандық жарыстың жоғарғы деңгейде өтуіне «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Құтарыс ауылдық округі бойынша спорт нұсқаушысы Сыдыков Нуркен Алтынбекұлы өз үлесін қосты. Ол жарыстың басы-қасында болып, қатысушылардан өз көмегін аямады.
Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен, медальдармен марапатталды.