Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында, Түркістан облысының мәслихаты депутаты, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бадритдин Ншанкуловтың қолдауымен, «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Қарабұлақ ауыл округі бойынша спорт нұсқаушысы Урмантаев Зухриддин Хайтмуратұлының ұйымдастыруымен, Қарабұлақ ауылының асыл перзенті Қадіржон Әбубәкіровті еске алуға арналған волейболдан обылыстық III турнир болып өтті.
Турнирдің құрметті қонақтары: Өмірінің елу жылын спортқа арнаған Ибрагимжон Тожибоев, Түркістан облысы өзбек этномәдени бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Хамрокул Давронбеков, Түркиядан келген Қадиржонның досы дене шынықтыру пәні бойынша Ислам Драган, дене шынықтыру пәнінің ұстаздары Ирисмат Холдоров, 88 жастағы Каримжон Саидов және Тұраш Абдурахманов турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ обылыстық жарысқа «Сайрам» командасы сапында қатысқан «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт нұсқаушысы Сайдазимов Мухамедали керемет ойын көрсетті
Турнирдің әділ өтуі үшін төрешілер: Серік Досболов пен Әлішер Абдунабиев бар білімдері мен шеберліктерін сарп етті.
Жарыс қортындысы бойынша «Шымкент» командасы облыстық жарыста жеңімпаз атанып, 200 000 теңге мен кубокқа ие болды. «Қарабұлақ» командасы екінші орын және 150 мың теңгеге ие болды. «Сайрам» құрамасы үшінші орынға ие болып, 100 мың теңге сыйақы мен марапатталды.
Төртінші орын иегерлері 75 000 теңге сыйақы мен марапатталды.
Әр командадан ҮЗДІК ойыншы анықталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.