Қызығы мен қиындығы қатар шығармашылық өнерiнiң басталар жолы әртүрлi. Бұл жолды таңдаған жанның бойында Жаратушының сый еткен талантынан тыс бiлiм мен ой, терең iзденiс пен ерен төзiм болуы қажет. Осы қасиеттердің баршасын жинаған ерекше жан, Сайрам аудандық орталық емханасының дәрiгер-эндокринологы Болай Тұрғынбекқызының «Дәрігердің жазбасы» атты алғашқы кітабының тұсауы аудандық орталық кітапхана төрiнде кесілдi. Ауданымыздағы қаламгерлер қатарының жаңа есіммен толығуы бiз үшiн ерекше қуаныш. Жаңа кiтаптың тұсауын ауданымыздың зиялы қауым өкілдері 3.Исатайқызы, Н.Тө-ремұратов және Сайрам АОКЖ КММ-ның директоры Д.Сы-
дықова кесiп, жылы лебiздерiн бiлдiрдi.
Шара барысында Б.Тұрғынбекқызының өмiр жолына арналған бейнекөрсетілім ұсы-нылып, кеш иесiмен сыр-сұхбат айдарын кітапханашы Роза Әбдіжаппарова жүргiздi. Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінің әншісі А.Нұртаева әуезді әннен шашу шашса, оқырмандар автордың аудармаларын жатқа оқыды. ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, аудандық «Мәртөбе» газетiнiң редакторы, ақын Н.Төремұратов жаңа кітаптың тілі мен көркемдiк ерекшелігі жайлы ой-пікірін ортаға салса, «Денсаулық сақтау iсiнiң үздігі», «Көркем» әжелер тобының жетекшісі Роза Әлiмбекқызы, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының консультанты, Сайрам аудандық «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы А.Төлебек, дәрiгер-физиотерапевт Г.Шалтаева мен туыстары кеш иесiне кұттықтауларын жеткiздi. Автор кітапханамызға және кешке қатысушыларға өз қолтаңбасы қойылған кiтаптарын тарту еттi. Қаламгердің дәрiгерлiк қызметi жолындағы оқиғаларды әдеби-көркем тiлмен әрлеп, ерекше стильде өрнектеген кітабы қалың оқырманға жол тартты.
Кітапхана ұжымының бұл еңбегі аудандағы руханият көкжиегін кеңейткендей болды.