Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕТІН ОРЫНДАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕТІН ОРЫНДАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған 4 топ мүшесі Сайрам ауданына келді.
Топтың құрамында аталған департаменттің Превенция басқармасының аса маңызды істері жөніндегі офицері Үсіпбаев Бауыржан Кеңесбайұлы, осы басқарманың бас маманы Төлегенқызы Гүлмира және «Түркістан-Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағанбетқызы болды.
Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев және әкім кеңесшісі Рысқұл Есполай топпен бірге аудан аумағындағы полиция басқармасы, халыққа қызмет көрсету орындары, кәсіпкерлік палата, адалдық алаң, жұмыспен қамту орталығы секілді бірнеше мекеменің басшылары мен қызметкерлерімен кездесті.
Олардың тарапынан Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың Жарлығымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын түсіндіру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру арқылы індетпен күресу жөнінде келелі кеңестер мен ұсыныстар берілді.
Өңірде халыққа қызмет көрсетілетін мекемелердегі және олармен қарым-қатынас жасайтын орындардағы басшылар немесе қызметкерлер тарапынан жол берген сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны, жазаға тартылғандардың жағдайы бейнеролик арқылы көрсетілді. Індетті алдын алу шараларының өткізілуін әрі одан сақтанудың қажеттіліктері ұсынылды.
Бұл ретте, мекеме жұмысшысы өзінің міндеттері мен құқықтарына сәйкес, заңға қайшы келмейтін істермен әрекет ету, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын қатаң ұстану, еңбек заңнамасына сәйкес қауіпсіздік пен тазалық талаптарын сақтау, таза еңбекақысына сай халыққа қызмет атқаруға тиісті екендігі түсіндірілді.

Пікір жазу