Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АҚСУКЕНТ-АҚҚАЛА-САРҚЫРАМА БАҒЫТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАСЫМАЛ ҚЫЗМЕТІ ЖАЛҒАСАТЫН БОЛАДЫ

АҚСУКЕНТ-АҚҚАЛА-САРҚЫРАМА БАҒЫТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАСЫМАЛ ҚЫЗМЕТІ ЖАЛҒАСАТЫН БОЛАДЫ

Бүгін Төлеби ауданына қарасты Сарқырама елді мекенінің 20-ға жуық тұрғыны жиналып, Ақсукент ауылындағы автобекетте «Янс» ЖШС-імен Ақсукент-Аққала бағытындағы қоғамдық тасымал бойынша көрсетіліп жатқан қызметіне қарсылықтарын білдірді.
Осы азаматтар аудан әкімдігінің ғимаратына шақыртылып, Сайра  ауданы әкімінің орынбасары М.Оразалиев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қабылдап, түсіндірді.
Мәселенің мән-жайымен танысып, зерделеу үшін «Түркістан» телеарнасының тілшісі жиынға қатысып, түсірілім жүргізді.
Аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев көршілес аудан тұрғындарының уәждерін назарға алып, қабылдаған шешімді аталған телеарнаға сұхбат берді.
— Ауданның елді мекендеріне және Шымкент қаласына баратын бағыттарына жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметін көрсететін «ЯНС» ЖШС-і бар. Бұл мәселені жақынарада қарап, аталған серіктестік тарапынан Сарқырамадан аудан орталығына қарай 2 қоғамдық көлік қарастырылып, қызмет көрсеткен. Өйткені, осы ауылдан Ақсукент ауылындағы мектептер мен колледждерде білім алып жүрген оқушылары, студенттері бар, сонымен қатар, азық-түлік және мал базарларына да келушілер көп. Сарқырамалықтарға Төлеби ауданының орталығына қатынау алыс болғандықтан, аудан орталығы жақын болуына байланысты жиі қатынайды. Төлеби ауданы өздерінің тасымалдау қызметіне жалғастыруына келісім берілді. Жұма күні жол ақысыз. Бұл олардың жолаушылары үшін тиімді. Аталған бағытта көлік жүргізу үшін облыстық басқарма тарапынан конкурс өтуде. Басқармамен құжаттарды қабылдаулары аяқталған соң, жеңімпаз мердігер аталған бағытта жолаушыларды тасымалдау қызметін жүргізетін болады. Әкімдікке келген азаматтардың мәселесі тезарада оң шешімін тапты. Ақсақалдар батасын берді.
Тұрғындар сала басшыларымен келісімге келіп, бүгіннен бастап конкурс нәтижесі шыққанға дейін уақытша «Сәтті жол 2017» ЖШС-гі аталған бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсететін болады.

Пікір жазу