Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Г.Тынымбаеваның бұйрығына және бөлімнің жылдық жоспарына, сонымен қатар Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау аясындағы апталығына сәйкес, Қарасу ауыл округінде орналасқан №69 Бескепе атындағы жалпы орта мектебінің базасында Қарасу ауылдық округінің барлық білім беру мекемелері «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәжірбиелік семинар өткізді.
Аталған тәжірбиелік семинардың мақсаты балаларды қоғамдағы зорлық-зомбылықсыз толымды өмірге даярлау, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде тәлім тәрбие беру. Жалпы бала бойына ең жақсы қәсиеттерді сіңіру. Елжандылық, отаншылдық, азаматтылық жоғары құндылықтарға баулу.
Мемлекет президенті Қ. К. Тоқаев биылғы жолдауында тұрмыстық және қоғамдық зорлық-зомбылық мәселесімен барынша күресу және шешу мәселесін алға тартқан болатын.
Іс шара түрлі форматта өткізілді.
Атап айтсақ мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен пікір сайыс, театрлық қойылым, сынып, тәрбие сағаттары, психологиялық тренингтер арқылы тақырыпты аша білді.
Семинар соңы концерттік қойылыммен жалғасын тапты.
Қонақ ретінде ауыл ақсақалдары, ата- аналар төрағалары, Сайрам ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстазы Амангелді Қабылбеков, әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының сектор меңерушісі Г.Ділдабеков, БАҚ өкілдері қатысып, өзінің пікірлерін білдіріп, ұстаздарға ұсыныстар, оқушыларға игі тілектерін білдірді. Қорытындысында семинарға белсене қатысқан ұстаздар мен оқушыларды бөлімнің алғыс хатымен марапаттау, тәжірбиесі сапалы сабақтарды тарату, әлеуметтік желілерге жариялау ұсынылды.
Құрметті әлеумет зорлық зомбылықсыз балалық шақ сыйлау әр адамның басты міндетінің бірі. Бақытты балалық шақ сыйлау қәсиетті парызымыз.