Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №5 М.Горький атындағы жалпы орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен «Жақсылық жаса» және «Әлеуметтік белсенділік» тақырыбы аясында акция өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Акцияның мақсаты — үйде оқытылатын балаларға көңіл бөлу.
Мектеп ұжымы бастаған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев және аталған мектептің директоры Х.Пазаев қолдау білдіріп, ерекше балаларға білім беру ойындарын, шахмат, тәттілер және өзге де сыйлықтарды сыйға тартты. Оларды қуанышқа бөлеп, оқуға деген қызығушылықтарын артты.
Мадияр Мұхтарұлы балалардың көңілін сергітіп, жағдайымен танысып қайтты.
Сондай-ақ, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға да қамқорлық көмек көрсетіліп отырады.