Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛДАР КЕҢЕЙТІЛІП, КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛДАР КЕҢЕЙТІЛІП, КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Сайрам ауданының Ақсукент, Манкент және Жібек жолы ауылдарын тоғыстыратын 13 шақырымдық күре жол кеңейтіліп, күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл жөнінде Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков 2022 жылдың 10 айында атқарылған негізгі жұмыстар жөнінде өткен брифингте мәлімдеді, деп  хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамту мақсатында биыл да аудандық бюджет есебінен су құбырларының орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, су ұңғымалары қазылды. Жібек Жолы ауылындағы тозығы жеткен су құбырларын ауыстыруға жобалық құжат дайындалды. Ал, Қожақорған және Нұржанқорған, Қарабұлақ ауылдарын ауыз сумен қамту үшін әзірленетін желі құрылысының ЖСҚ-сына қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 110,6  млн теңгеге Көлкент ауыл округіне қарасты Ақсуабад ауылында 32 га жерге ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қазан айында пайдалануға берілді. Нәтижесінде 300 тұрғын тұрақты ауыз сумен қамтылды.

Табиғи газбен 42 елді мекеннің 31-і қамтылған, қамту көрсеткіші 73,8%-ға жетті. Бұл көрсеткішті алдағы 2-3 жылда 100%-ға жеткізу үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

2022  жылға Ұлттық қордан 6 елді мекенді табиғи газбен қамтуға  1,4 млрд теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. Нысандарды аяқтау үшін келесі жылға қажетті тағы 2,4 млрд теңгеге республикалық бюджетке ұсыныс берілді. Қаржы қаралса, Құтарыс, Қызылжар, Ақсуабад, Оймауыт, Ақарыс, Көлкент елді мекендеріне  2023 жылы газ беріліп, аудан халқын газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 88%-ға, ал 2024 жылы 100%-ға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, биыл 7 нысанға инженерлік-коммуникация желілерін (ауыз су, газ, жол, электр желісі) тартуға 848,4 млн теңге көлемінде қаржы қаралды (Ұлттық қор-82,0 млн теңге, РБ-418,5 млн.теңге, АБ-348,0 млн теңге). Қазіргі таңда 3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл 82,0 млн теңгеге Қасымбек датқа ауылындағы «Көмешбұлақ» мешітінің жанындағы Жаңақұрылыс көшелеріне КТП орнату мен электр желілерінің құрылысы аяқталды.

Сайрам ауданы халқының демографиялық өсімінің жоғарылауына байланысты, бүгінгі таңда 106,2 га жер аумағына, нақты 5 нысанға  инженерлік коммуникация тарту үшін құрылыс құны 1,1 млрд теңгені құрайтын жобалық құжаттамалар дайындалды. Жоба республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды.

Аудан көлеміндегі 1298,1 шақырым автокөлік жолдардың 59,9%-ы қанағаттанарлық жағдайда.

2022 жылға аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуден өткізу үшін 405,6 млн теңге қаралған. Одан бөлек, Ұлттық қордан  аудандық маңызы бар 6 көшені күрделі жөндеуге 2,2 млрд теңге бөлінді.

Аудан бюджетінен орташа жөндеу жұмыстарына 13 көшеге 222,1 млн теңге қаралды.

Қазіргі таңда 12 ішкі көше орташа жөнделіп, аудандық маңызы бар 4 автомобиль жолында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Нәтижесінде, жыл соңын жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 61,6%-ға жеткізілмек.

 

 

 

 

Пікір жазу