Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЗЕКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

КЕЗЕКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Елімізде Еңбек күні қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланады. Осы орайда, Еңбек күні мерексі аясында Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекемелер жиналған кезекті мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі өтті. Мұндай іс-шаралардың қала тұрғындары үшін маңызы өте үлкен.
Жәрмеңкені өткізудегі негізгі мақсат – халықтың мемлекеттік қызметтің көмегін алу кезіндегі әдістемелік-түсіндіру ауқымын кеңейту, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мен мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру  болып табылады. Сонымен қатар осындай шаралар арқылы мемлекеттік қызметтерді қолдану аясын кеңейтуді көздеп отыр. Және де халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру.
Іс-шараға «Зейнетақы төлеу» орталығы, «Жұмыспен қамту» орталығы, Түркістан қалалық санитариялық епидемиологиялық- бақылау басқармасы, Түркістан қалалық тіркеу және Жер кадастры бөлімі мен Түркістан қалалық орталық аурухана мамандары қатысты.

Жәрмеңкеде қоғамдық маңызы бар әлеуметтік, денсаулық, білім, жер қатынастары, тұрғын үй қатынастары, құрылыс, көші-қон салаларымен, ХҚКО-мен көрсетілетін қызметтер қала тұрғындарына бір орталықтан қызмет алуға және кеңестермен жүгінуге мол мүмкіндік берілді.

Онлайн жүздесуде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді.
Одан бөлек, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек беріліп, Халықтық кеңсе арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алу мүмкіндігі жеткізілді.
Сонымен қатар, «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі, қызмет алушылардың құқықтары туралы насихаттық жұмыстар жүргізілді. Және де қызмет алу үшін кеңсеге немесе ХҚКО бармай-ақ, үйде отырып алу мүмкіндігі бар екені жан –жақты айтылды.

Айта кетейік, Еңбек күнін тойлау дәстүрлері Кеңес заманынан бері жалғасып келеді (ол кезде ол Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күні деп аталған). Бұл мереке барлық басқа кеңестік республикалардағы сияқты Қазақстанда да 1 мамырда атап өтілген. КСРО-да бұл мереке ерекше құрметке ие болған. Бұл мерекеде еңбекшіл халықтың ынтымақтастығы мен сіңірген еңбектері марапатталған. Мереке Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін атап өтілмейтін болды. Бірақ жылдар өте келе Қазақстанда мұндай мерекенің қажеттілігі туралы түсінік қайта қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбекке деген құрметті жандандыру, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеу туралы шешім қабылдады. Осылайша, 2013 жылы Еңбек күнін тойлау дәстүрі қайта жанданды. Содан бері бұл мереке күзде атап өтіледі.

 

Пікір жазу