Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанда салынып жатқан барлық ғимараттар қаланың көркін ашуда

Түркістанда салынып жатқан барлық ғимараттар қаланың көркін ашуда

Елімізде су спорты түрлерін дамытып, Түркістан қаласында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізу үшін салынған Орта Азияда баламасы жоқ спорттық кешендері бар ескек есу каналы құрылысының екінші кезеңі басталды.
Олимпиадалық орталық сәулеттік көркімен ғана емес, қаланы көгалдандырып, туризмді дамытуға және өңірдің атмосферасын өзгертуге де мүмкіндік береді. Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында салынған жоба 100 гектарға жуық алаңда орналаласқан. Ұзындығы 2,5 шақырымға созылатын су арнасына 2 млн. текше метр су жиналды. Су тазартқыш құрылғылар қойылған.
Спорт кешен құрылысының екінші кезеңінде мұнда әкімшілік ғимараты, қонақүй, веложолақ, бассейн, қайық тұрақтары, жазғы кинотеатр, аралды қосатын көпір мен басқа да нысандар бой көтереді. Бұл жерде спортшылар жағажай волейболы мен футболы, ашық судағы жүзу, триатлон, желкенді спорт, ескек есу, каноэ сияқты спорт түрлерінен жаттығу жасайды. Су спорт кешені – ауқымды жоба.
Облыс әкімі қалалық саябақ ішінен салынып жатқан жасанды көлдің құрылыс алаңында болды. Демалыс аумағының жалпы ауданы — 13 га жуық. Келер жылы пайдалануға беріледі. Мұнда 4 ұңғыма арқылы су жиналады. Сан алуан түрі субұрқақтар орнатылып, айналасы абаттандырылады.
Жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың санын арттыру үшін Түркістан облысында жұмыстар жүргізілуде. Өңір басшысы Түркістанда салынып жатқан «Мұз сарайының» құрылысымен танысты. Әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны 1200 адамға есептелген. Мұнда қысқы спорт түрлерінен үйірмелер ашылмақ.
Сонымен бірге, Түркістанда салынып жатқан барлық ғимараттар қаланың көркі ғана емес, тарихи келбеті мен болмысын сақтай отырып, заманауи архитектураның озық жетістіктерін пайдалануда. Ғалымдар мен кәсіби мамандардың пікірі ескеріліп, тарихи келбетін жоғалтпауға басымдық берілуде. Түркістан қаласында сондай-ақ «Теннис орталығы», Олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасы, Б.Саттарханов спорт кешені, «Ат спорты кешені» секілді жаңа спорт нысандары ашылады.
Түркістанда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат салынып жатыр. Нысан әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан. Білім ұясында өңірдің барлық ауыл-аймағынан жиналған үздік оқушылар мен аса білімді балалар тәлім алады. Құрылыс барысымен танысуға келген өңір басшысы қауіпсіздікті сақтауды басты талап етті. Жұмыстың сапасының ұдайы қатаң бақылауда болатынын айтты. Қасбетінің жобасымен танысып, жауаптыларға тапсырмалар берді.
Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталмақ. Жұмыс барысында ең сапалы деген құрылыс материалдары пайдаланылуда. 200-ден астам құрылысшы жұмылдырылған. Келер жылдан бастап «Дарын» мектеп-интернатында 500 оқушы білім алады. Білім ұясының жанында 700 балаға арналған жатақхана құрылысы қатар жүріп жатыр. Ғимараттың жалпы аумағы 30 мың шаршы метрден асады. 5 га астам жерде орналасқан. Нысанның құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Оқу корпусында ішкі әрлеу, ішкі инженерлік желілерін жүргізіліп, шатыры жабылуда. Сыртқы инженерлік жүйелері жүргізілген.
Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің және әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты екі тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болды. Өзекті мәселелерді пысықтады. Заманауи кешеннің құрылысы шетел мамандарының атсалысуымен жүзеге асуда. Бизнес орталықтары бар биік ғимарат келер жылы пайдалануға берілмек. Құрылысқа 100-ден астам адам тартылған.

Пікір жазу