Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛДАН КҮЗ-ҚЫС МАУСЫМЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ

ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛДАН КҮЗ-ҚЫС МАУСЫМЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ

Кіші футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2022 жылғы күз-қыс маусымы ойындары презентациясы өтті.
Шараға кіші футболдан дүбірлі додаларда Түркістан қаласының намысын қорғап жүрген командалар мен қалалық мәслихат депутаттары және шаһар спортының дамуына үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдері қатысты.
Алғы сөз сөйлеген Түркістан қалалық мәслихаты хатшысы Мақсат Асылбекұлы бұқаралық спортты дамытуға үлес қосқан және әуесқой футбол лига ойындарында белсенді қатысқан командаларға, төрешілерге, спорт жанашырларына алғысын білдіріп, ізгі тілегін айтты.
Шара барысы лигаға қатысушылардың жеребе бойынша нөмірін анықтаумен жалғасты.

Пікір жазу