Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында мұғалімдер арасында спорттың 5 түрі бойынша спартакиада басталды.
Қала көлеміндегі жарыс 21-30 қыркүйек аралығында өтеді. Мәселен, үстел теннисі, волейбол (ерлер және әйелдер), шахмат, кіші футболдан 500-ге жуық ұстаз өзара бақ сынап жатыр.
Бүгін С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі мен М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында ерлер арасында волейбол мен үстел теннисі турнирі өтуде.
Жарысқа облыс орталығындағы мектептерден жасақталған 32 команда қатысуда. Спорттық бәсеке барысында үздіктер іріктеліп, облыстық спартакиадаға жолдама алады.

Пікір жазу